АймақБалқаш

Балқашта 12 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды

Балқаш қаласында шаһар мен оған іргелес елдімекендерді тазарту жұмыстары кең көлемде жүргізіліп жатыр. Биылдың өзінде коммуналдық қызметтер 12 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдықты шығарып, ондаған жаңа контейнер алаңдарын орнатты. Сондай-ақ, көше бойындағы урналар жаңартылып, заманауи контейнерлер орнатылуда.

Сурет облыс әкімдігі сайтынан

Негізгі тазарту жұмыстары «Қоңырат» мөлтек ауданынан шамамен сегіз шақырым жерде жүргізілді. Мұнда жалпы аумағы 15 мың шаршы метр жер тазартылып, бас-аяғы 11 мың тонна қоқыс шығарылды. Қала аумағында жиналған 800 тонна қалдық полигонға жөнелтілді. Ал, Тораңғылық кентінде төрт гектар аумақ тазартылып, 300 тонна қоқыс шыға-рылды. Анықталған рұқсатсыз полигондарға байланысты тазарту жұмыстарына тағы бір мердігер ұйым тартылды.

– Рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою – бұл жүйелі жұмыстың бір бөлігі ғана. Біздің басты мақсатымыз – ластанған аймақтарды тазартып, жаңа қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу. Біз абаттандыру және санитарлық тазалау шараларын үздіксіз жалғастырып келеміз. Сондай-ақ, тұрғындарды заңсыз қоқыс тастау фактісі орын алған мезетте, бірден атқарушы органдарға хабарлауын өтінеміз, – деді Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомо биль жолдары бөлімінің басшысы Берік Бекмағамбетов.

Коммуналдық қызметтер тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, қалдықтарды жинау ин- фрақұрылымын да жаңғыртуды қолға алған. Бүгінде қала бойынша 58 жаңа контейнер алаңы салынып, 275 мырышталған контейнер орнатылды. Ескі урналарды алмастыру үшін 377 металл урна сатып алынды. Қаланың орталық
көшелері мен қоғамдық орындарына 170 жаңа урна орнатылды.
Сонымен қатар, 280 литрлік 140 маусымдық пластикалық контейнер сатып алынды. Олар жаз айларында қалалық жағажайда, жағалауда, Balkhash TourFest-2025 фестивалі өтетін алаңда, сондай-ақ, Шұбартүбек пен Тораңғылық кенттерінде және «Барковское» демалыс аймағында орнатылады. Бұған қоса, комму- налдық кәсіпорындарға сыйымдылығы 1,1 текше метр болатын 20 пластик контейнер берілді. Мамандардың пікірінше, Балқаш шәрінде абаттандыру мен санитарлық тазалау жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button