Балқаш жылу электр орталығын жаңғырту жобасын 2027 жылы аяқтау жоспарланып отыр
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Үкімет отырысының күн тәртібінде су тасқыны жағдайы және моноқалаларды дамыту мәселелері қаралды.
Балқаш жылу электр орталығын жаңғырту жобасын 2027 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
– Бүгінде барлық 20 моноқала жарықпен, жылумен қамтамасыз етілген. Мәселен, бүгінгі таңда қазіргі қуат нарығы аясында 2 жоба жүзеге асырылуда. Степногорск қаласында жалпы сомасы 25 млрд теңгеге «Степногорск жылу электр орталығы қазандық қондырғысын қалпына келтіру және турбоагрегатты ауыстыру» жобасы жасалуда, жобаны 2026 жылы аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ Балқаш жылу электр орталығын жаңғырту жоспарлануда, оның жалпы құны 27,2 млрд теңгені құрайды. Жобаны 2027 жылы аяқтау жоспарлануда, — деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Жақын арада республикалық бюджет қаражаты есебінен Лисаковск қаласында «Орталық қалалық қазандықтың қажеттіліктері үшін газ-поршеньді қондырғы салу» жобасын салу жоспарланған, оның жалпы құны 858 млн теңге, аяқтау мерзімі – 2025 жыл. Аталған жобаларды іске асыру моноқалалардағы жылу жүктемесін жабуға, жылу орталықтарының негізгі және қосалқы жабдықтарын жаңарту есебінен тұтынушыларды жылумен жабдықтау сапасы мен сенімділігін арттыруға, сондай-ақ жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосуға мүмкіндік береді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz