Бас тақырып

Балқаш жағалауындағы игерілмеген жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

Мемлекет басшысының өңірдің туристік кластерін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті бұрын берілген, бірақ игерілмеген жер учаскелерін Балқаш көлі жағалауынан туристік нысандар салу үшін мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде Торанғалық ауылында орналасқан, аумағы 0,5 гектарды құрайтын, демалыс аймағын абаттандыру және туристік қызметтер көрсету үшін берілген, бірақ көптеген жылдар бойы пайдаланылмаған жер телімі анықталды. Кәсіпкерге жерді игеру туралы нұсқама берілді.

Нұсқаманың орындалмауына байланысты департамент кәсіпкерге айыппұл салып, жер учаскесін мәжбүрлі түрде алып қою туралы талаппен сотқа жүгінді.

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ЖРБД талаптарын толық қанағаттандырып, жер телімін мәжбүрлеп алып қою және оны кейіннен сауда-саттыққа (аукционға) қою туралы шешім қабылдады. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button