АймақЖаңалықтар

Балқаш әуежайындағы жөндеу жұмыстарының бір бөлігі аяқталды

Балқаш қаласындағы әуежайды кешенді қайта құру жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылы жұмыстарға 2,5 млрд теңге бөлінген. Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Қожанов Балқашқа арнайы барып, құрылыс-монтаж жұмыстарының барысымен танысты.

Суреттер; жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан

Қазіргі уақытта бүйірлік қауіпсіздік жолақтарын орналастыру жұмыстары толығымен аяқталған. Заманауи жарықтандыру жабдықтарын орнату және іске қосу, көктайғаққа қарсы сұйықтық пен жер бетіндегі ағынды суларға арналған резервуарлардың құрылысы аяқталуда.

Ведомство басшысы сондай-ақ әуежай вокзалы ғимаратын қайта жаңғырту және әуежайдың арнайы көлік қызметі ғимаратының құрылыс жұмыстарын көрді.

Жұмыс кестеге сай жүргізілуде. Жобаның аяқталу мерзімі – 2025 жыл. Мердігерлер, техникалық және сәулет қадағалау өкілдері құрылыс нормаларының, жобалық құжаттаманың талаптарын, сондай-ақ жұмыстарды орындау мерзімі мен сапасын сақтау бойынша нұсқаулықтар алды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button