АймақЖаңалықтар

Балқаш әуежайын қайта жаңғырту жұмыстары басталды

Балқаш қаласының әуежайы қайта жаңартылуда. Жобаның жалпы құны 3,8 млрд теңгені құрайды. ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше бас мердігер «ҚАЗАХДОРСТРОЙ» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын бастап кеткен. Қазіргі уақытта асфальтбетон жабындарын төсеу аяқталып, көлік жолының негізі жол төсеніші дайындалуда.

Сурет: ru.sputnik.kz

Әуежай терминалын күрделі жөндеуден өткізіп, арнайы көліктік қызмет көрсету ғимаратын салу жоспарлануда. Әуежай инфрақұрылымын жаңғырту қала мен туризм аймағын дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызады деп күтілуде, – деп атап өтті Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Балқаш әуежайы 1967 жылы салынған, соңғы рет жөндеу жұмыстары 2007 жылы жүргізілген болатын.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button