Балқаш тұрғыны 2023 жылғы футзалдан Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысады
U-19 футзалынан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады. Ұлттық команда құрамында Балқаш қаласының спортшысы Тимур Мәлібеков бар. Ол “Тұлпар” U-2019 шағын футбол клубының ойыншысы.

Тимур Балқашта мектеп бітіргеннен кейін А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне оқуға түскен. Алдымен университет құрамасында ойнады, содан кейін “Тұлпар” ШФК командасына шақыру алды. Осыдан кейін спортшы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчтарға қатысу үшін футзалдан Қазақстан жастар құрамасына енді.
Жарыс 21—26 наурыз аралығында Молдовада, Чореску қаласында өтеді. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы іріктеу турнирінің бірінші тобына түсті. Біздің футболшылардың қарсыластары Польша, Молдова және Словения командалары болады. Жеңімпаз 4—11 қыркүйекте Хорватияда өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz