Қарағанды облысының негізгі туризм нүктелері – Балқаш пен Қарқаралы ұлттық табиғи паркі. Бүгінгі өткен брифингте өңір басшысы туризм мәселесіне де тоқталып өтті.

Биылғы жылы жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден аса инвестициямен 110 номерлі (344 төсек орын) сегіз туризм нысанын, оның ішінде атап айтатын болсақ, Балқашта 4 демалыс орны, 1 қонақ үй және Қарқаралыда 2 қонақ үй, 1 глэмпингті іске қосу күтілуде.
Келесі жылы Балқаш демалыс орнында 1,4 млрд теңгеден аса сомаға (нөмірлік қоры 219 бірлік, 476 төсек-орын) 7 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Сондай-ақ, Балқашта жаңа жобалар үшін 169 гектар бос жер телімдері қалдырылды. Оның ішінде: Балқаш қ. Тораңғалық – 60 га; Шұбартүбек – 30 га; Бертіс шығанағы-60 га; Приозерск қ. – 19 га).
Әлеуетті инвесторлар үшін Қарқаралы ауданында 20 жер телімі бар.
Сол сияқты, Қарқаралы ауданында туризмді дамыту мақсатында «Бұғылы» рекреациялық аймағы белгіленген. Ол Қарқаралының батыс тарапында орналасқан.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz