Бас тақырыпЖаңалықтар

Балқаш курорттық аймағында демалушылардың саны 30%-ға өскен

Балқаш қаласының әкімі Сапар Сатаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында есеп беріп, өңірге туристер тарту үшін барлық жағдай жасалып жатқанын мәдімдеді.

Сурет: drive2.ru

– Өткен жылы үш демалыс аймағы пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде қаланың курорттық аймағында демалушылар саны 30%-ға өсіп, 121 мың адамды құрады. Биыл жалпы инвестиция сомасы 2,4 млрд теңге болатын 6 туризм нысанын іске қосу жоспарланып отыр.

Тораңғалық және Шұбартүбек курорттық ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысы басталады. Демалыс аймақтары орталық сумен жабдықталады.

Сонымен қатар, биыл жағажай мен қала жағалауын қайта жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс.

Балқаш әуежайын қайта жаңарту жалғасуда. Қазір арнайы көлік қызметі ғимаратының құрылысы және аэровокзалды қайта жаңарту жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарланған.

Дәстүрге айналған «БалқашTourfest» фестиваліне өткен жылы 30 мыңнан астам адам жиналды. Биыл одан да көп болады деп күтілуде. Фестивальдің басты мақсаты – Балқаш қаласының брендін туристік орталық ретінде қалыптастыру және ілгерілету, -деп атап өтті Сапар Сатаев.

Сурет: ӨКҚ

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button