АймақБалқашБас тақырыпЖаңалықтар

Балқаш курорттық аймағы еліміздегі демалыс орындарының үздік бестігінде

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның курорттық өңірлеріне 3,4 миллион турист келген, – деп хабарлайды ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет novoetv.kz

Қонақүйлер мен орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 129 миллиард теңгеге жеткен.

Назарларыңызға туристер арасында ең танымал бес демалыс өңірін ұсынамыз:

5-орын: Балқаш курорттық аймағы.

Балқаш көлінің жағалауында орналасқан демалыс аймағы былтыр 9 айда 120 948 турист қабылдаған.

4-орын: Алакөл курорттық өңірі.

Алакөл көлінің Абай облысындағы аумағына 125 621, Жетісу облысындағы бөлігіне 113 059 турист барған. Осылайша, бұл өңір еліміздің басты табиғи інжу-маржаны екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

3-орын: Щучье-Бурабай курорттық өңірі.

Орманы, көлдері және курорттық кешендерімен әйгілі бұл өңір 275 295 саяхатшыны қабылдаған.

2-орын: Маңғыстау курорттық өңірі.

Маңғыстаудың көрікті пейзаждары мен Каспий теңізінің жағалауында 325 013 турист демалған.

1-орын: Алматы тау кластері.

Еліміздің ең тартымды курорттық өңірлер рейтингінде Алматы тау кластері көш бастап тұр. Өңірге 1 996 801 турист сапарлаған. Әсем тау пейзаждары мен таза ауасы өңірді белсенді және табиғат аясындағы демалысты ұнататындар үшін нағыз тартымды орынға айналдырған.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button