АймақБалқаш

Балқаш көпсалалы ауруханасының емделушілері өтініштерін заманауи жолмен бере алады

Енді Балқаш көпсалалы ауруханасының емделушілері аурухана QR коды арқылы әкімшілікке өтініштері мен шағымдарын заманауи үлгіде жеткізе алады. Ол үшін аурухана пациенттеріне смартфонын QR-кодқа бағыттап, сілтеме бойынша өту жеткілікті.

– Цифрландыру жағдайында медициналық қызметтердің сапасын арттыру – біздің басымдықтарымыздың бірі. Сіздердің ұсыныстарыңыз, шағымдарыңыз бен алғыстарыңыз біз үшін өте маңызды. Енді сіздер QR код арқылы өз пікірлеріңізді оңай әрі жылдам жібере аласыздар, бұл медициналық көмектің сапасын жақсартуға тікелей әсер етуге мүмкіндік береді. Бұл механизм ұсынылатын қызметтерді жылдам бағалауға және жақсартуға көмектеседі, – дейді Балқаш көпсалалы ауруханасының мамандары.

Өтініш берген кезде аты-жөніңізді, байланыс телефоныыз бен емделіп жатқан бөлімшені, ұсыныстың, шағымның немесе алғыстың нақты мәлімдемесін көрсетуіңіз керек.

– Сіздердің пікірлеріңіз бізге медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға және пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі, – дейді медициналық мекеме.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Видео: @cb_balkhash

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button