АймақБас тақырып

Балқаш көлінің жағажайында «БалқашTourfest – 2023» фестивалі өтеді

Биыл 11-12 тамызда алғаш рет Қарағанды облысы, Ақшағыл кентінің (Рембаза) ауданындағы Балқаш көлінің жағажайында осы жаздың ең атмосфералық және ұмытылмас оқиғасы – «БалқашTourfest-2023» фестивалі өтеді. Фестивальдің хедлайнеры – аса танымал қазақстандық орындаушы Kalifarniya.

 

 

 «БалқашTourfest-2023» туристификацияның ТОП-10 картасына енген Балқаш курорттық аймағының туристік әлеуетін дамытуға жаңа серпін береді деген жоспар бар.

Фестиваль аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жауынгерлері аумақты жинау бойынша экологиялық акцияға қатысады. Акцияға Балқаш, Приозерск, Ақтоғай және Шет аудандарының жастары қатысады. Одан бөлек, 100-ге жуық белсенді адам фестиваль іс-шаралары, атап айтқанда, спартакиада, конкурстар, сенбілік, викториналарда бақтарын сынай алады.

 

«БалқашTourfest – 2023» әр демалушыға өзіне ұнайтын іспен айналысу мүмкіндігін беретін, пікірлестерін табатын алаң. Фестивальда йога, зумба нұсқаушыларынан таңертеңгілік жаттығулар, конкурстар, тимбилдингтер, жағажай спорты, от жанындағы әндер күтеді. Одан бөлек, ең үздік музыканттар, креативті жүргізушілер, диджейлер, бардтар, заманауи көше би топтары ән айтады.

 

Шарада алкогольдік ішімдіктерге тыйым салынады. Сонда-ақ, ниет білдіргендер өз шатырларымен келе алады.

Фестиваль Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен белсенді және салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаны қорғау және жергілікті туризмді дамыту, сондай-ақ жастар субмәдениеттері өкілдерінің қолдауымен өтетінін айту керек.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button