АймақБалқаш

Балқаш көлінен балықты заңсыз аулаған азамат ұсталды

http://Қарағанды облысының Полиция департаменті Қарағанды облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы және Приозерск қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған азаматты ұстады. Моторлы қайық иесі балық аулауға қажетті рұқсат құжаттарын ұсына алмаған. Тексеру барысында 28 жастағы жергілікті тұрғынның тыйым салынған ау құралдарын пайдаланып, көксерке мен берш секілді бағалы балық түрлерінен 112 келі көлемінде заңсыз аулағаны анықталды.

Суреттер Қарағанды облысының Полиция департаменті

Табиғатқа келтірілген залал көлемі 578 мың теңгеге бағаланды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Іс-шара басталған сәттен бері Қарағанды облысының полиция қызметкерлері табиғатты қорғау саласының уәкілетті органдарымен бірлесіп, шамамен 300-ге жуық рейдтік іс-шара өткізді. Бұл жұмыстарға облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау аймақтық инспекциясы, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, сондай-ақ «Охотзоопром» РМҚК орталық өңірлік филиалының өкілдері тартылды. Нәтижесінде табиғат пайдалану саласында 154 құқық бұзушылық дерегі тіркелді.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button