АймақБас тақырыпҚарағанды

Балқаш өңірінде туризм қарқынды дамып келеді – облыс әкімі

Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Балқаш өңірінің туризм әлеуетін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше тоқталды.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Бүгінде Балқаш өңірінде туристік инфрақұрылымды кешенді дамыту жобасы жүзеге асырылуда. Бұл бастама қаланың экономикалық дамуына тың серпін беріп, шағын және орта бизнестің кеңеюіне, сонымен қатар шетелдік және отандық инвесторларды тартуға жол ашып отыр.

Облыс әкімі атап өткендей, Балқаш көлінің жағалауын абаттандыру және жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Balkhash Tour Fest» фестивалі аймаққа келетін туристер санын 10–15%-ға дейін арттырып отыр.

Соңғы екі жыл ішінде Балқаш қаласында 7 жаңа мейманхана кешені салынды. Жыл соңына дейін тағы 3 қонақ үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, апартаменттер мен виллалардан тұратын заманауи қонақжай кешенін салу да күн тәртібінде тұр.

Балқаш қаласының әуежайын реконструкциялау жұмыстары да аяқталуға жақын. Бұл өз кезегінде Балқаш көлінің маңындағы туризмді жаңа деңгейге шығарып, өңірдің логистикалық қолжетімділігін арттырады.

– Балқаштың әуежайын реконструкциялауды аяқтаймыз. Бұл қала мен көлдің маңайында туризмді одан әрі дамытуға жаңа серпін береді деп сенеміз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button