Бас тақырып

«Балқаш барысы» АҚШ-тағы салтанатты шараға ұлттық шапанмен келді

Даңқты жерлесіміз, Балқаш қаласының Құрметті азаматы, Атланта олимпиадасының чемпионы Василий Жиров Аризона штатының ұлттық гвардиясы мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың орнауына 30 жыл толуына орай АҚШ-та өткен салтанатты шараға қазақтың ұлттық шапанын киіп келді. Бұл туралы боксшының Instagram парақшасында салынған суреттерінен мәлім болды.

Суреттер: боксшының Instagram парақшасынан

Аталмыш шараға атақты спортшы қонақ ретінде шақырылған. Өзінің айтуынша экс-чемпион мерейтойлық шараға қазақтың ұлттық шапанын киіп келіп, Қазақстаннан келген өнерпаздар «Тұран» тобы мен Әйгерім Алтынбекке қолдау көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, Василий Жиров бүгінде АҚШ-тың Аризона штатында тұрады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button