Бас тақырып

Балқаш ауруханасын шуылдатқан құмырсқалар нан қиқымына келген

Балқаш балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан науқас денсаулық сақтау мекемесінде құмырсқалар қаптап жүргенін айтып, шағымданған болатын. Жәндіктер балаларға қауіп төндіріп, аурухананың барлық палатасында, яғни, төсек-орында, ыдыс-аяқта, тамақта жорғалап жүргені туралы айтылған. Бірақ, ауруханадағы мамандар жатын орынға күніне екі мәрте тазалық жұмыстары жүргізіледі деп отыр.

 

– Шағымданушының өтінішімен оны №17 палатадан №2 палатаға ауыстырдық. Тазалау жұмыстары жүргізілді. Бізде жәндіктерді жоятын препарат пайдаланылады. Тоқсан сайын паразиттермен күрес шарасы жүргізіледі. Бір айта кетері, инфекциялық бөлімшелерде науқастар палатада тамақтанады. Өйткені, ішек ауруымен жатқан науқас тұмауратып жатқан немесе бөртпе синдромы бар науқастан аралас инфекцияға әкелуі мүмкін. Тамақ қалдықтары шашылған соң құмырысқа келетіні белгілі. Жағдай нан қиқымы шашылғаннан болып отыр. Емделуші де тазалық сақтамаса сан түрлі паразит қаптап кетеді. Бөлмелер күніне екі рет жуылады. Қазір ғимараттың сыртында зиянкестерден қорғану мақсатында препарат сатып алынып, тазалау жұмыстары жүргізілуде, – дейді Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасының дәрігер эпидемиологы Данияр Жармағанбетов.

 

Ал, шағымданушы болса, құмырсқалар жұқпалы ауруларды тасымалдайды деп, дабыл қағуда. Әрі жағдай жұқпалы аурулар ауруханасында орын алғандығына алаңдаушылық танытуда.

Нұрдос КӘРІМ,
БАЛҚАШ
ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button