17 қаңтардағы дерекке сәйкес, Балқаш қаласы бойынша 51 075 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл – ел ертеңіне бейжай қарамайтын, өз таңдауын жасауға дайын тұрғындарымыздың нақты саны.

Олардың ішінде 251 азамат – мүгедектігі бар жандар. Атап айтқанда, 97 адам – тірек-қимыл аппараты бұзылған, 86 азамат – көру қабілеті төмен, 68 азамат – есту қабілеті нашар деп тіркелген. Сондықтан, олардың денсаулық жағдайына қарамастан, конституциялық құқықтарын толық әрі кедергісіз жүзеге асыруына барлық қажетті жағдайды жасалады. Ұйымдастырушылар референдумның ашық әрі қолжетімді өтуі – жұмыстың негізгі қағидаты екенін атап өтті.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ


