Спорт
Бакуден алтынмен оралды
Бокстан Әзірбайжан астанасы Бакуде «Ұлы жібек жолы» халықаралық турнирі өткен болатын. Байрақты бәсекеге 11 елден 121 спортшы қатысып, өзара күш сынасты. Аталған турнирде қарағандылық Талғат Сырымбетов 60 келі салмақта өнер көрсетіп, алтын медальға қол жеткізді.
Халықаралық турнирге ел атынан қатысқан спортшылар үш алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Осылайша олар жалпыкомандалық есепте ІІІ орын иеленді. Көш басында бес алтын, алты күміс және бес қоламен Өзбекстан боксшылары. Одан кейінгі сатыда үш алтын екі күміспен Әзірбайжан спортшылары.
Талғат Сырымбетовтің жеке бапкері – Владимир Чичаев, тәлімгері Ғалымбек Кенжебаев.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz