Ресми

Байырғы тұрғындарда ықылас зор

Қаланың байырғы тұрғындары тіркелген №60 сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың белсенділігі жақсы. Мұнда  жасы егде адамдар, зейнеткерлер көп. Жалпы, 1217 сайлаушының, сағат 14.00-дегі дерек бойынша, 50 пайыздан астамы дауыс беріп үлгеріпті. Сайлаушылардың әр санатына қарай жағдай толық жасалған. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға арналған бұрыш барлық қажеттті техникамен жабдықталған.Сонымен қатар, қауіпсіздік шаралары толық сақталған.

– Халық сайлауға белсенділік танытып отыр. Тіпті, 1932 жылы туған ардагер сайлаушының өзі келіп дауыс беріп кетті. Біз комиссия мүшелерін жіберіп, дауысын үйдан алдырмақ едік. Оған өзі қарсылық танытты. Келіп дауыс беруге ықылас білдірді.

Сайлаушылардың легі сағат 11.00-мен 13.00 аралығында кезек күтіп, дауыс берді. Қазір түскі уақыт болғандықтан сәл саябырлады. Бірақ, халық ықыласты, – деді сайлау учаскесінің төрағасы Меңдібаев Әбілахат.

Әбілахат Ибрайұлының уаскесінде 18-ге енді келіп, дауыс беру құқығын алған сайлаушы жоқ.  Үйден сайлауға қатысуға өтініш жазған 7 адамның дауысы мекенжайына барып алынды.

Басқа материалдар

Back to top button