Бас тақырыпЖаңалықтар
Байрақты бәсекеден – бес жүлде
10-13 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде Fazza World Para Atletics Grand Prix 2025 әлемдік Гран-при чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге Қазақстан атынан 8 пара-спортшы қатысып, 5 жүлдені Қарағанды облысының өкілдері алды.

Ядро лақтырудан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарының чемпионы Дастан Мұқашбеков үздік атанды.
Руфат Хабибуллин 100 метрге жүгіруден үшінші орын,найза лақтырудан күміс медаль еншіледі. Тағы бір жерлесіміз Игорь Хлыстов 100 метрге жүгіруден екінші орын алса, қоржынға бесінші жүлдені Бекжан Бөлкетай салды. Ол ұзындыққа секіруден күміс жүлдегер атанды.
Пара-спортшыларды Сергей Безгачев жаттықтырады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.