Жаңалықтар
Байлық
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»
Байлықты әркім өзінше түсінеді. Билігі, қызметі, мансабы, атағы бар. Бірақ, Қазақ елінің байлығы – тілі! Даусыз шығар…
Мысал керек пе? Бір ғана тауды алыңыз. Дөң, бел, белес, асу, жар, мұзарт, төбе, жон, жота, кезең, шоқы, шың, қыр, қырат. Құз, қия. Заңғар, тағысын тағы…
Осылайша, қырыққа жуық сөзді тауға байланыстыруға болады екен. Ақсораң, Қарасораң, Алатау, Тарбағатай және басқасы…
Қазақ тілінде түйенің де отыз түрлі атауы бар.
Менсінбейтініміз қалай?!
Байлық деген – осы емес пе?!