Руханият

Байқаудан жүлделі оралды

Республика күні қарсаңында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, елордамыз Астанада Қазақстандағы 14-35 жас аралығындағы өзге этнос өкілдерінің арасында «Елім дегендер» атты шығармашылық байқауы өтті.

Сурет автордан

Байқаудың ұйымдастырушысы – «Болашақ Қазақстанға» қоғамдық студенттік бірлестігі және әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы. Шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және оның қолдану аясын кеңейту.

Аталған іс-шараға Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының меңгерушісі Шұға Ақатаева және кафедраның аға оқытушысы Толғанай Мұхтардың жетекшілігімен 4 студент қатысты.

Байқау екі кезең бойынша өтті. І кезең – іріктеу. 10-30 қыркүйек аралығында қатысушылар арнайы поштаға өз өтінімдерін және іріктеуге ұсынатын материалын жіберіп, нәтижесінде ІІ кезең – республикалық қорытындыға жолдама алды. Қорытынды кеш 2024 жылдың 23 қазан күні Астана қаласында өтті. Қорытынды кешке Астана қаласынан және Қазақстанның басқа да қалаларынан өзге ұлт өкілдері қатысып, қазақ тілінде өз өнерлерін көрсетті. Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің атынан қатысқан Ким Артем, Гусырева Тамирис “Ақындық мүшайра” номинациясы бойынша өнерлерін көрсетіп ІІІ орынды иеленді. Мунасыпов Ислам, Адамян Гор “Көркемсөз өнері” номинациясы бойынша қатысып, Мунасыпов Ислам ІІІ орынмен Адамян Гор алғыс хатпен марапатталды. ІІІ орын иегерлерінің әрқайсына 100000 теңгелік сертификаттар табысталды.

Жасөспірімдер мен жастар арасында мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, өлең жазу, тапқырлық, дарындылық сияқты шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсетіп, әрі қарай дамытуына жол ашу мақсатында өткізілген іс-шара әділетті түрде, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар тарапына Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің атынан үлкен алғысымызды білдіреміз. Осындай іс-шаралар көбірек өткізіліп, жастардың мемлекеттік тілімізді жетік меңгеруге деген қызығушылықтары артып, қазақ тілінің мәртебесі жоғарылай берсін деген тілек білдіреміз.

Шұға БЕРІКҚЫЗЫ,
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының меңгерушісі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button