Жаңалықтар

Байқауда оза шапты

Жақында киелі Түркістан жерінде орта буынды медициналық мамандар дайындайтын колледждер арасында «2018 жылдың үздік анатомы» атты конкурс өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға еліміздің барлық аймағынан қатысушылар келді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өткен республикалық конкурсқа барлығы 21 команда қатысып, бақтарын сынады. Қарағанды облысы бойынша үш команда қатысқан болатын. Оның ішінде, біздің колледжің студенттері А.Сиқымбай, К.Иванова, О.Кузнецова сайыстың барлық тапсырмаларының нәтижесі бойынша жүлделі үшінші орынға ие болды. Студенттерді сайысқа даярлаған жетекшісі Гаухар Жаңабекқызының және басқа да оқытушылардың еңбектерін атап айтқан жөн.

Жалпы, конкурс бес кезеңнен құрылып, студенттердің шығармашылық әлеуетін, танымдық қабілеттерін, коммуникативті дағдыларын, мінез-құлық мәдениетін арттыруға, кәсіби маман болып қалыптасуына септігін тигізуді мақсат тұтқан. Сайыс кезінде барлық қатысушылар өздерінің білім-біліктерін көрсете білді. Барлығы арнайы дипломдармен және сертификатпен марапатталды. «Білімділік – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің білімі мен біліктілігі арқылы ғана басқаға танылады», – деп Елбасы айтқандай, елінің атын шығарып, оның сапалы адами капиталы бола білетін мамандарды даярлау – біз үшін әуелгі міндет.

Л.МОМЫНҚҰЛОВА,

Ж.ОРАЗАЛИЕВА,

Балқаш медициналық колледжінің оқытушылары.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button