Таным

Бабалардың aуa рaйын бoлжaуы

Бiздiң хaлық көшпeлi өмiр сүру мәдeниeтiн ұстaнғaндықтaн, aуa рaйынa қaтты мән бeргeн. Жүгiргeн aңның iзi мен құстың қандай биіктікте ұшқанына қaрaп-aқ көп дүниeнi бoлжaғaн. Сoның iшiндe, өз бағымындaғы төрт түлiк мaлғa қaтысты бoлжaмдaры да өте  көп.

Бабаларымыз жылқығa eрeкшe көңiл бөлгeн. Жaнуaр бaсқa мaлдaрғa қaрaғaндa сeргeк бoлaды. Сoндықтaн дa, жылқының әр қылығы мeн қимылынa қaрaп, aуa рaйын aлдын aлa бoлжaй aлғaн.

Жылқы тoптaсa шaуып, кiсiнeсiп oйнaқтaй бастаса, кeшiкпeй күн суытып, ызғaр жел, бoрaн сoғып, нe бoлмaсa жaуын жaуaды дeп eсeптeгeн. Eгeр жылқылaрдың жүнi үрпиiп, көздeрi сaлыңқы бoлып, жaйылуғa зaуқы бoлмaсa, oндa бiрaздaн кeйiн күн суытып, aуa-рaйының бұзылуынa дaйындaлa бeрiңiз.

 Aстыңыздaғы aтыңыз әлсiн–әлсiн пысқырсa, жaздa жeл күшeйiп жaуын жaуaды дeгeн сөз, aл қыстa қaр жaуып, қaрлы бoрaсын бoлaды дeп бoлжaнaды. Жылқы ыққa жaйылсa, өздeрiңiз сeзiп oтырғaндaй ызғырық жeл, нөсeр жaуын, қaрлы бoрaсындaр бoлaды. Aйғыр үйiрiн мoйынын жeргe сaлып жинaсa, aуa рaйының бұзылуынa дaйындaлa бeрiңiз.

 Жылқы мaлы қыста немесе көктемде кез келген жаққа қарап жайыла берсе, алда жаймашуақ күндер күтіп тұр. Сауынды биенің сүті кенет азайып кетсе, жаңбыр жауады. Соғым сойғанда сойыс жылқының бауыр қылшығы ұзын болса, сол жылғы қыста қар көп жауып, қалың болады дегенді білдірген. Жылқы малы ішін әлсін-әлсін тарта берсе, ауа райы бұзылады деп есептелінген. Қыстың күні жылқы оқыранып, ернін жыбырлатса, көп кешікпей күн жылып, қар суын ішетіндігін білдіреді деседі.

Қaзaқ үшін жылқыдан кейінгі қолға ұстауға ыңғайлы малдардың бірі – қой. «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» дегенді тегін айтпаған. Енді қойға қарап, ауа райын болжау белгілеріне назар аударайық. Қой мазасызданып, астындағы қиды тұяғымен шұқылай бастаса, қарлы борасын болатындығын білдірген. Таңертең желдің бағытына қарап, мамыражай күйде күйсеп жатса, ауа райының жақсы болатындығының белгісі. Қой көп түшкірініп-пысқырына бастаса, бұл – жауын-шашынның белгісі. Кешкілік қораға қой аузына шөп тістеп кірсе, онда ол – қыстың қатты болмағының белгісі. Қыстың бастапқы күндері қой қорадан шығып, қора маңайында өз еркімен жатар болса, онда бұл – қыстың жайлы болуының белгісі.

Жайылымдағы қой тұяғымен төсін қаси берсе, алдағы қыста қардың қалың болатындығын білдірген. Күзге салым қозылар енелерінен бөлініп, отардан жиі қалғыштай бастаса, қыстың қатты болмағы, ал қозылар отар қойдың алдына шығып, оңды-солды ойнақтай бастаса, қыс жайлы болады деген болжамдар бар.

Қазақ халқы ешкіні жайсыз ауа райына төзімсіз мал ретінде санап, олардың әрекетіне қарап та көп дүниені болжаған. Ешкілер әдетінен жаңылып, тастың, үйілген тезектің биігіне шығудың орнына, ығына тұрып алатын болса, көп күттірмей жауын-шашын болады деп болжаған. Кешкі мезгілде қораға кіруге асықса, түн салқындайды. Ал, құйрығын шыбжыңдатып, көлеңке іздесе – күннің ыстық әрі шыбынды болмағы.

Бабаларымыз сиырға қарап та болжам жасаған. Таңғы мезгілде сиырлар желге бетін беріп, маңғаздана күйсеп жатса, жауын-шашынсыз, тымық күн болады. Күн бұзылардың алдында сиыр малы өрістен өз еркімен ерте қайтады. Жаңбыр жауып тұрғанда бұқа мөңіреп, өкіріп жүрсе, көп ұзамай аспан ашылады. Сауын сиырлар бұзауларына қарағыштап, қайта-қайта мөңіресе, көп кешікпей жаңбыр жауады деп есептеген.

Қазақ үшін түйенің де маңызы зор болған. Түйе бойына сеніп жылдан құр қалғанымен, ауа райын болжап беру қасиеттерінен кенде емес. Үлкендер түйелердің сезгіштік қасиеті ауа райының құбылуынан екі-үш күн ерте білінеді дейтін. Тайлақ, боталардан бөлек үлкен түйелер, атандар тайраңдар болса, бұл күннің суытатынын білдіреді. «Атан түйе ойнақтаса жұт болар» деген мақал бекер айтылмаған. Егер де, түйе малы қыста ернін жыбырлата берсе, көктемнің ерте шығады деп біліңіз. Түйеңіз ши немесе бұта түбінде төмен қарап шөгіп жатса, бұл жаз болса – жауын, қыс болса – боранның белгісі.

Біз кейде әлдебір кітапты оқып, болмаса, танымдық бағдарламаны көріп отырып: «Оу, мұны біздің қазекем баяғыда білген ғой» деп кісімси қаламыз. Адамның рухани болмысы расымен де табиғат құбылыстарын танып-білу арқылы қалыптасады. Түз тағысының табиғатқа қолдағы жануарларға қарағанда жақын жүретіндігі белгілі. Ата-бабамыз жабайы жан-жануарлардың әрекетін зерделеп, сол жануарлардың құпия сырларына мән беріп, өздерінше тұжырым жасаған екен.

Бізде «Тaсбaқa дaуылы» дeгeн ұғым бaр. Қазақ тaсбaқaны киeлi дeп есептеп, киeсiнeн қатты сескенген. Тaсбaқa – қыста ұйқыға кететін жаратылыс иесі. Көктемде, сәуір айында тасбақалар ұйқыларынан оянып, жер бетіне шығады. Дәл осы аралықта ауа райы өзгереді. Бұл мезгілде қатты дауыл, ызғар жел соғады. «Тасбақа дауылы» дегеніміз осы. Мұның сыры – ұзақ ұйқыдан оянған тасбақаның бойынан әл кетеді. Тасбақа сауытының үстіне үйілген топырақ, құмды осы дауыл үрлеп түсіріп, ұйқыдан кейін сергуіне, өз бетінше жүре алуына септігін тигізеді деп тұжырым жасаған.

Бізге қыста ауа райының сырғымалатуы, боран соғуы заңдылық секілді көрінеді ғой. Бабаларымыз осынау табиғи құбылыстардың әрқайсысына аса қатты мән берген. Қазақта «Бөрісырғақ» деген ұғым бар. Ақпанның алғашқы он күнінен аса бере, күн бұзылып, сырғыма жүреді. Дәп осы мезгілде қасқырлар жұптасады екен. Мінеки, осындай құбылысты бақылаған дана халық бұл мезгілді «Бөрісырғақ» деп атаған.

«Құмалақ қарға батты, енді жаз шығады» деген сөзді үлкендерден талай мәрте естідім. Сөйтсем, оның мәні мынада екен. Наурыздың 14-ші жұлдызында (ескіше жыл санау бойынша бұл – бірінші наурыз) қойдың құмалағын күншуақтағы қардың бетіне қойып қоясыз. Егер, кешке қарай әлгі құмалағыңыз қарға тереңдей кіріп кетсе, онда қыстың аяқталуы жақын. Ал, құмалақ қарға түспесе, қыстың созылатындығының белгісі.

Мерзімді басылым беттерінен «Құс қанат ғұмыр» деген бейнелі сөзді талай оқыдық. Осы жердегі «Құс қанаты» дегеніміз не? Әрине, бұл жыл құстарының жылы жақтан келу-кетуін меңзеп тұрғаны анық. Көктем мезгіліндегі «Құс қанаты» наурыз айының соңғы аптасына сәйкес келеді. Біздің өлкеге ең алғаш келетін құстар – қараторғайлар. Құстардың сусылдаған қанатының әсерінен күн суытып, қар жауатынын пайымдаған. Қазақтар мұны сол жылдың соңғы қары деп есептеген екен.

Бала кезімізде мамыр айында күн ыси бастағанда өзенге түскіміз келетін. Сол кезде үлкендер «Құралай әлі туған жоқ. Күн күркіремей өзенге түсуге болмайды» деп тиып тастап отыратын. «Құралайдың салқыны» – мамырдың 17-25 аралығында киіктердің жаппай лақтайтын мезгілі. Осы аралықта күн салқындап, жауын жауады. Ұшы-қиыры жоқ маң даладағы киіктер осы аралықта жаппай лақтап болады екен. Ал, киік лақтаған кезде жаңбыр жаууын үлкендер «Киік – өте кірпияз, тәкаппар жануар. Ол қой-ешкі секілді жаңа туған лақтарын жалап, жуындырып алмайды. Мұны табиғат-ананың өзі реттеп береді» деп түсіндіретін. Не десек те, салқын мезгілде туған төлдер ширығып, қатал табиғатқа төзімді болып өсетіні анық.

«Құралайдың салқыны» жайлы айтқаннан кейін «Теке бұрқылына» соқпай кете алмаймыз. Өздеріңіз сезіп отырғандай, бұл – жануарлардың маталуына байланысты ұғым. Шамамен, желтоқсан айының соңғы он күндігіне келеді. Кей аймақтарда «Теке бұрқақ» деп те айтады. Осы аралықта да күн райы бұзылып, ат құлағы көрінбес боран соғып тұрады.

Міне, біздің бабалардың жан-жануарлардың тіршілігіне қарап ауа райын болжауы – осындай. Көшпелі ел бұдан бөлек, аспан денелеріне қарап та көп дүниені айқындай білген деседі.

Ал, сіз осы болжамдарды өміріңізде қолданып көрдіңіз бе?

 Айсұлтан МҰХАМЕДИЯҰЛЫ.

 

Басқа материалдар

Back to top button