Бас тақырып
Бабалар рухына тағзым
Бүгін ардагерлер, депутаттар мен саяси партия өкілдері Қарағандыдағы «Әнет баба» мешітінің алдындағы және Михайловкадағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, мешітте бабалар рухына тәу етіп, құран бағышталды.
Шараға қатысушылардың қатарында жастар, еріктілер мен қала тұрғындары да бар.
– Халқымыздың тарихында мерейі тасыған мәртебелі дәуірлерімен қатар, «тар жол тайғақ кешкен» тақсыретті кезеңдердің де аз болмағаны ақиқат. Өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап өткен асыл бабаларымызды еске алу, ұмытпау – әрбір ұрпақтың парызы, – дейді шараға қатысушылар.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz