Баба тойына – қомақты тарту
Биыл алты Алаштың абызы, кемеңгер ойшыл, «көмекей әулие» атанған мемлекет әрі қоғам қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдық мерейтойын түркітілдес халықтың түгелі тойлайды.
Қазақ халқында атымтай жомарт азаматтар әр уақытта да болған. Бүгінгі таңда солардың бірден-бір жарқын айғағы – Ғабдулсағат Әлімұлы. Осындай елі үшін туған азаматтардың бар болғаны қуанышымызды еселей түседі.
Еңбек ардагері, белгілі кәсіпкер Ғабдулсағат Әлімұлы Бабамыздың тойы қарсаңында демеушілік көмек көрсетіп, бәйге, көкпар, күрес сияқты ұлттық спорт түрлерін қолдап, жүлде қорына Астана қаласының орталығынан құны 12 миллион теңгені құрайтын пәтерді тарту етті.
Жомарт жүрек иесіне Бұқар жырау ауданының жұртшылығы және Қор атынан шынайы алғысымызды білдіреміз.
Т.АРБАБАЕВ,
«Бұқар жырау Қалқаманұлы»
атындағы Қоғамдық қор және
аудандық Ардагерлер
кеңесінің төрағасы.