«Бақытты отбасы» басталады

20 маусымнан бастап тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандықтар «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады. «Отбасы банктың» хабарламасына сәйкес, өтініштер 19 шілдеген дейін Otbasybank.kz платформасында қабылданбақ.

Аталған бағдарламаға көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі бала өсіріп отырған және толық емес отбасылар қатыса алады. Мұнда толық емес отбасылар – ажырасқандарына 3 жылдан кем емес уақыт болған отбасылар екенін ескерген жөн. Бағдарлама қатысушыларына қарыз жылдық 2% пайыз мөлшерлемемен 20 жылға дейін беріледі. Ол үшін 10% көлеміндегі алғашқы жарнасы болуы керек. Бұл сомаға баспананы бастапқы немесе екінші деңгейлі үйлерден алуға болады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау мен Атырау қалаларының тұрғындары үшін қарыз мөлшері – 15 млн. теңге, басқа өңірлер үшін 10 млн теңге. Тұрғын үйді үй кезегінде тұрған жерден ғана алуға болады.

Өз тілшімізден.