Бағдаршамның сары түсіне өткен жүргізушілерге 37 мың теңге айыппұл салынады
Астана мен Алматы қаласының көлік жүргізушілері бұдан былай бағдаршамның сары түсіне өте алмайтын болды. Өтіп кеткен жағдайда 36 920 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Қазақстанның жол жүру ережесіне осындай өзгеріс енгізілді. Оған себеп, мегаполис қалаларда болатын жол көлік апаттарының жиі болуы осы сары түстің салдары екен, деп хабарлайды Ortalyq.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
– Жол апаттарының көбі сары белгі жанғанда болады. Бағдаршамның сары белгісі қозғалысқа тыйым салады. Ал, жыпылықтаған жасыл белгі тыйым салу белгісінің іске қосылатынын ескертеді. Мұндай заңбұзушылықтар камераға жазылып, көлік иесіне автоматты түрде айыппұл салынатын болады, – деді Астана қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің бастығы Гүлмира Шрахметова.
Екі қалаға енгізілген ереже Шымкентке сәуір айында жетуі мүмкін. Бірақ бұған қала тұрғындары қарсы.
Еске салсақ, айыппұл құны 36 920 теңгені құрайды. Егер жүргізуші бір жылдың ішінде бағдаршамның сары түсінде тағы да жүріп кетсе, онда сома үш есеге көбейіп, 110 760 теңге төлейтін болады.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.