Бағдарламаға басымдық берілді
Шахтинск қаласының тұрғындарына да «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының шарапаты тиіп отыр. Оған дәлел – бағдарлама аясында шағын шаһардағы атқарылған жұмыстар.
Қалалық жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, осы жылдың 9 айында 518 адамға бағдарлама арқылы кеңес берілді. 322 адам жұмысқа орналасты.
Сонымен қатар, бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде өңірде 8 инфрақұрылымдық жоба іске асып, 56 адам жұмыспен қамтылды.
Бағдарламаның екінші бағыты – шағын несие беру бойынша өңірдің 12 тұрғынына мал шаруашылығымен айналысуға 31,8 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылды.
Ал, бағдарламаның үшінші бағытына басымдық берген Шахтинск қаласында 64 әлеуметтік жұмыс орны ашылды. Аталмыш жұмыс орнына қазіргі уақытта 60 студент жастар практикасымен қызметке кірісті. Бұдан бөлек, 38 адам қайта даярлау курстарына жіберілді.
Бағдарламаның орындалысы қала әкімі Сержан Аймақовтың жіті назарында. Шаһар басшысы тиісті мекеме басшыларына жоспарға сәйкес жұмыс атқарып, мүмкіндікті мүлт жібермеуді жүктеді.
Нұрдос КӘРІМ
ШАХТИНСК қаласы.