Бұзушылық үшін жазаланды
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне Шахтинск қаласының тұрғыны Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден негізсіз бас тартуына қатысты шағымданған болатын.
Тексеру қорытындысы бойынша Департаментпен шағым иесінің жылжымайтын мүлігіне құқықты мемлекеттік тіркеуден негізсіз бас тартқаны анықталды.
Сәйкесінше, Департаменттің тікелей араласуымен шағым иесінің жылжымайтын мүлігіне құқықтарды тіркеліп, қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді.
Өз кезегінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуде заңдылықты бұзуға жол берген Мемлекеттік корпорацияның бөлім басшысы мен бас маманы тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.
Қызмет алушылардың бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерін қалпына келтіру мәселесі Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің ерекше бақылауында.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz