Ресми

БҰҰ үш айдың ішінде Түркияға 1 миллиард доллар жинауға үндеді

Біріккен Ұлттар Ұйымы зілзаладан зардап шеккен Түркияға үш айдың ішінде 1 миллиард доллар жинауға үндеді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

БҰҰ бас хатшысының орынбасары Мартин Гриффитс жиналған ақша тұрғын үй салуға, азық-түлік қауіпсіздігі және білім беру саласына жұмсалатынын мәлімдеді.

– Түркия халқы қиын жағдайды бастан өткеріп жатыр. Көптеген отбасы күйзеліске түсті. Осындай қиын кезеңде біз оларға көмектесуіміз керек, – деді БҰҰ бас хатшысының орынбасары Мартин Гриффитс.

Түркия билігі зілзаладан 9 миллионнан аса адам зардап шеккенін мәлімдеді. Табиғи апаттың салдарынан қаза тапқандар саны 35 мыңнан асты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button