Жаңалықтар
️Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды
Ол жазасын қауіпсіздігі аса жоғары мекемеде өтейді.
Бектанов Қылмыстық кодекстің «әскери жағдайда билікті асыра пайдалану» бабы бойынша кінәлі деп танылды.
Бұған дейін Бас прокурор қаңтар оқиғасы кезінде экс-министр заңсыз бұйрықтар беріп, стратегиялық нысандарды әскерилердің қорғауынсыз қалдырды деп мәлімдеген еді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz