Жаңалықтар

Бәрі халық қамы үшін

Мемлекет басшысы әлемді алаңдатқан індет кезінде кейбір тұрғындар екпе алуға байланысты кереғар пікірлерге құлақ асатынына тоқталып, індеттен арылу және оның алдын алуда вакцинаның маңызына тоқталды. Алдағы уақытта вакцина алуды ширату керектігін баса айтты.

Жолдауда жер мәселесіне де жете назар аударылды. Халықтың мал жайылымдарына деген сұранысы қанағаттанарлық емес. Сол себепті Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бұл төңіректе ықпалды адамдардың ырқына бағынбай, дұрыс шешім қабылдауды тапсырды. Алдағы жылы жалақыны көтеру де сөз болды.

Жыл сайын дәрігерлер мен ұстаздардың, тәрбиешілердің жалақысы көтеріліп келе жатқанына, енді мәдениет саласы өкілдерінің жалақысын көтеру керектігіне тоқталды. Сонымен бірге, елдегі төменгі жалақы 2022 жылы 60000 теңгеге жететіні жөніндегі жағымды жаңалық та көпшілік көңілінен шыққаны анық.

Гүлжан КӨПЕЕВА, аудандық Мәдениет үйінің басшысы.

ҰЛЫТАУ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button