АймақБалқаш

Бәрі де анадан басталады

Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Балқаш қаласында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілері 3 анаға табысталды. Қала әкімінің орынбасары Саягүл Жақсылықова аналарды атақтарымен құттықтады.

Сурет автордан

– Кез келген мемлекеттің болашағы – саналы ұрпақ. Бүгінгі бала – өз Отанының дамуына үлес қосатын елдің ертеңгі азаматы. Балаларды тәрбиелеудегі еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын! – деп атап өтті ол өз сөзінде.

Салтанатты шара барысында көпбалалы аналар Әсем Әмірова, Гүлжанат Мәмбетова – «Күміс алқа», Әлия Тілеубекова – «Алтын алқа» төсбелгілерімен марапатталды. Марапаттау рәсімінде «Күміс алқа» иегері, 6 баланы тәрбиелеп өсірген Гүлжанат Аманжанқызы мемлекетке және қала әкімі аппаратының көрсеткен ілтипаттарына алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

– Президентімізге, Үкіметке мемлекетіміздің дамуы мен гүлденуіне және Қазақстан демографиясының өсуіне барынша жағдай жасап жатқандары үшін алғысымды білдіремін. Үш ұлым, үш қызым бар. Үлкен балам 18 жасқа толды. Кеже балам 1 жастан асты, – дейді көпбалалы ана Гүлжанат Аманжанқызы.

Нұрдос КӘРІМ,
БАЛҚАШ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button