“Бұлбұл үнді Бибігүл” гала-концерті өтеді
Қарағандының Кеншілер мәдениет сарайында КСРО-ның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Социалистік Еңбек Ері, қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына орай “Бұлбұл үнді Бибігүл” атты гала-концерт өтеді. Өткен жылы 95 жасқа толған сахна саңлағына арналған кешке эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Толқын Забирова, Азамат Желтыркөзов, Талғат Мұсабаев, Медет Шотабаевтар қатысады деп жоспарлануда.
– Бибігүл Ахметқызының 95 жасын лайықты атап өту – Қазақстандағы әлемдік маңызы бар оқиғалардың бірі. Халық әртісі біздің елімізге ғана емес, шетелге де танымал. Ол қазақ халық музыкасы мен Қазақстан композиторларының шығармашылығын дамытуға және насихаттауға зор үлес қосқан тұлға. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы ретінде Бибігүл Ахметқызы белгілі опера әншілерін тәрбиеледі. Оның бүкіл өмірі сахна мен халыққа арналған, – дейді і шараны ұйымдастырушылар.
Концерттің басталуы сағат 16:00-де. Кіру тегін.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.