Ресми

Бұл сайлау жаңашылдыққа бастайды

Сайлау заңнамасындағы өзгерістер жаңа Қазақстанның жан-жақты дамуына тың серпін бермек. Өкілетті билік буындарының ашық әрі әділ бәсеке негізінде жасақталуына жол ашылды.

Бұл Жаңа Қазақстандағы басты жаңашылдық деп білемін. Әсіресе халық арасынан шыққан, өз замандастарына шынымен жаны ашитын, сол жұртшылықтың қолдауына ие болған адамдар енді саясат сахнасына шыға алады. Бұл – басқару жүйесіндегі үлкен өзгерістер бастамасы.

Қазақстан жаңа кезең мен тарихи өзгерістер алдында тұр. Осы бір саяси додада халықтың нағыз сеніміне ие болған азаматтар саяси жаңғырудың экономикалық өзгерістерге ұласуына бірден-бір ықпал ете алатын тұлғалар. Әрине, Әділетті әрі Жаңа Қазақстанды құрып, болашаққа бетбұрыс жолында халықтың сенім үдесінен шыға білу аса маңызды. Үміткерлер қарапайым халықтың жанын жегідей жеген мәселелердің тетігін дәл тауып, түбегейлі реформалар жасауға дайын екендіктерін жеткізді. Енді сол бағдарламаларын іс жүзіне асырса, халықтың әлеуметтік әлеуетінің артуы мен экономикалық өсуіне жағдай жасайды деген үмітім зор.

Халықтың өзі қалаған кандидаттар мен партияларға дауыс беруіне барлық жағдай жасалды. Мұны жете түсінуіміз, терең түйсінуіміз керек. Өз таңдауымызды жасау қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік.

Елдің болашағына енжарлық танытпай, саяси науқаннан тыс қалмай,  мен де өз таңдауымды жасадым. Сол сияқты, әр азамат өзінің саяси құқығын тиімді пайдалануда, халық өз елінің иесі екенін көрсетіп жатыр. 

Бүгінде әрқайсымыз  саяси, әлеуметтік, экономикалық дамудың жарқын жолына түскен Жаңа Қазақстанды көркейтуден шет қалмауымыз маңызды. Бұл сайлаудан әділетті Қазақстанның жаңарған, жаңғырған бағыты бойынша белгіленген биік мақсат-мұраттары орындалады деп сенемін.

Рымбала ОМАРБЕКОВА,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Қарағанды облысының Құрметті азаматы.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button