Балқаштық Халабаевтар отбасы биылғы жылғы «Мерейлі отбасы-2024» Ұлттық байқауының жеңімпазы. Яғни, көпке үлгі, өскелең ұрпаққа жол нұсқап жүрген отбасы. Таңның атысымен референдум участкесіне келіп, отбасы мүшелері өз таңдауларын жасады.

Отбасы мүшелері референдум участкесіне ұлттық нақыштағы киімдерін киіп келген. Сонымен қатар, өздерімен бірге ең кішкентай отбасы мүшесін алып келген. Ақ жаулықты әже болса, алтын алқасын да тастамапты.
– Бұл күн – біз үшін мереке. Өзімізбен бірге кішкентай баламызды ерте келдік. Патриоттық сезім баланың бойында қазірден бастап қалыптасуы керек. Барша қала тұрғындарын референдумнан қалыс қалмай, дауыс беруге шақырамын, – деді отбасы мүшесі.
Ербол ЕРБОЛАТ,
БАЛҚАШ.
Ortalyq.kz