Ресми

Бұл – халықтың жеңісі

Қазақстандықтар күні кеше батыл байлам, зор сеніммен өз таңдауларын жасады. Елімізде өткен кезектен тыс Президент сайлауы соның куәсі.

Мемлекетімізді өрге сүйрейтін, жасампаздыққа жол ашатын, лайықты басшы бола білетін кандидатты таңдау оңай болмағаны белгілі. Президенттікке үміткерлердің барлығы халқымыздың ертеңін ойлаған, соған орай өмір сатысының әр саласын тереңнен зерттеген, оған көз жүгірте білетін сұңғыла адамдар. Ел экономикасын өркендету ісінде қолға алынатын әрбір шаруаны халықпен бірлесіп атқарудың қалыбын сақтаған, ұлттық салт-дәстүрді берік ұстанған, оны әлем жұртшылығы алдында паш етуге мүмкіндігі бар азаматтар.

Елдің алдында зор міндет тұрды. Ол – өздерінің болашақтағы тағдырын лайықты көшбасшыға сеніп тапсыру. Халық таңдауын жасады. Таңдау Қасым-Жомарт Кемелұлына түсті. Ал, жарқын болашақты ойлаған басшының ел сенімін халқымен бірлесе жүріп ақтары және сөзсіз.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған жасампаз реформалардың жалғасын табары белгілі. Соның ішінде Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі Мәслихат депутаттарының сайлауында ондағы орындарға тың ойларымен қатар, қолдарынан іс келетін азаматтардың келуі мемлекет абыройы мен деңгейін көтере бермек.

Қалай дегенмен де, бейбіт өмір, халықтың тыныштығы мен ауызбірлігі бірінші орынға шығатыны анық. Ал, біздің, республика тұрғындары, қарапайым еңбек адамдары ретінде басты парызымыз – жақсы істер мен игілікті бастамаларды қолдап, өз үлесімізді қосу болмақ.

Сләмиден НҮРКЕНОВ,

Қарқаралы аудандық Мәслихатының хатшысы.

Қарқаралы ауданы

Басқа материалдар

Back to top button