БілімРесми

Бөкетов университетінің проректорлығына 117 адам үмітті

Қара шаңырақ Қарағанды университетінде 30 қараша күні стратегиялық даму жөніндегі проректор лауазымына конкурс жарияланған болатын. Бұл қызметті атқаруға осы аралықта 117 адам ниет білдіріп, құжат өткізген екен. Бір уақытта проректор лауазымына мұнша адамның конкурсқа қатысуы – отандық университеттердің тарихында болмаған оқиға, деп хабарлайды Ortalyq.kz temirtautynysy.kz. сайтына сілтеме жасап.

Сурет: облыс әкімдігінен

Вакантты лауазымға конкурс «Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің шешімімен жарияланған. Хабарландыру оқу ордасының ресми сайтында, әлеуметтік желіде, сондай-ақ headhunter (hh.kz) және enbek.kz жұмыспен қамтудың электронды алаңдарында жарияланған. Конкурсқа құжат қабылдау 2023 жылдың 10 желтоқсанында аяқталды. Осы аралықта 117 азамат үміткер ретінде тіркеліп үлгеріпті. Олардың арасында отандық ғалымдар ғана емес, Ресей, Украина және Оңтүстік Африка Республикасынан да үміткерлер бар.

– Қазір біз Директорлар кеңесімен бірге үміткерлердің құжаттарын қарап, олардың талапқа сай болуын барынша қадағалап жатырмыз. Бүгін де үлкен отырыс өтті. Үміткерге қойылатын басты талап – жоғары оқу орындарында басқару тәжірибесі және креативті ойлап, кез келген қиындықты еңсеретін қабілет иесі болуы. Сонымен қатар, үміткер академиялық адалдықты ұстам етуі тиіс, – дейді университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры Нұрлан Дулатбеков.

Айта кету керек, қазіргі таңда Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқу ордасы өндірісі өркендеген Қарағанды облысына ғана емес, күллі республикаға жақсы танымал. Сонымен қатар алыс-жақын шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыс орнатылып, қарым-қатынас күшейген. Аса жауапты қызметті атқаруға жүзден астам адамның құлшыныс танытуы оқу ордасы имиджінің бұл күнде қаншалықты нығайғанын аңғартатындай.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button