Бас тақырыпЖаңалықтар

Бүгіннен бастап көлік жүргізушілері үшін жаңа айыппұлдар қосылды

13 наурыздан бастап Қазақстанда Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. Кейбір жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар өссе, кейбірінде керісінше жеңілдетілді, деп хабарлайды ortalyq.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Сурет: astanatv.kz

Сонымен жаңа ережелер:

Көлік салонынан басын шығару, есікті қозғалыс кезінде ашу немесе жүксалғышта отыру – 10 АЕК (шамамен 40 мың теңге). Бұл жаза жүргізушілерге де, жолаушыларға да қолданылады.

Мүгедектігі бар жүргізушілердің қарама-қарсы жолаққа шығуы – 30 АЕК (118 мың теңге). Бұрын мұндай жаза қарастырылмаған.

Теміржол өткелінен өту ережесін бұзғаны үшін айыппұл 10 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін өсті.

Жедел жәрдем мен полиция көлігіне жол бермегендер үшін жаза үш есеге өсті – 7 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін, қайталанған жағдайда – 40 АЕК.

Жол-көлік оқиғасына (ЖКО) себепші болып, қарама-қарсы жолаққа шыққан жүргізушілер бұрын 6 айға құқығынан айырылса, енді 9 айға айырылатын болды.

Жеңілдетілген жазалар:

ЖКО-да зардап шеккендер болмаса, бұрын 6 айға жүргізуші куәлігінен айыру қарастырылса, енді 20 АЕК (78 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Төленбеген тұрақ үшін айыппұл 3 АЕК-тен 4 мың теңгеге дейін төмендетілді.

Жаңа өзгерістер жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button