Бас тақырып

Бүгіннен бастап елімізде автолизинг бағдарламасы іске қосылады

Бүгіннен бастап елімізде автолизинг бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды, деп хабарлайды Ortalyq.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Сурет freepik.com

24KZ телеарнасының мәліметінше Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жылдық шекті мөлшерлемені 36%-ке дейін бекітті. Бұған дейін 45 пайызға дейін естептелген еді.  Бағдарламаның мақсаты – автокөлікті сатып алуды қолжетімді ету.

Лизингтің автонесиеден айырмашылығы көлікті алғашқы жарнасыз әрі несиесіз ұзақ мерзімге жалға аласыз. Келісімшарт мерзімі аяқталғанда темір тұлпарды қайта өткізуге немесе қалған берешегіңізді өтеу арқылы сатып алуға болады.

– Бұл жерге екінші деңгейлі банктерді кіргізбеу керек. Егер екінші деңгейлі банктерді кіргізсек, ол ертең тура автонесие болады. Сондықтан бұл жерде бөлек бір компания құрылу керек, – дейді Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button