Ресми

Бүгінгі таңдау – ертеңгі болашағымыздың негізі

Қоғам белендісі Ерболат Закиров қарағандылық жастар үшін ұйымдастырылған кеште жаңа Конституция жобасына қатысты пікір білдірді. Қала және облыс тұрғындары мен қонақтарына ашық форматта ұйымдастырылған еркін алаң – қоғамдағы пікір алмасу мәдениетін қалыптастыратын маңызды тетік екенін атап өтті. 

– Бүгінгі шара өңіріміз үшін айрықша маңызға ие. Ең алдымен, бұл – қала және облыс тұрғындары мен қонақтарына ашық форматта ұйымдастырылған еркін алаң. Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуі де кештің мазмұнын байыта түсті. Меніңше, ұйымдастырушылардың ең дұрыс қадамы – өңірдің белсенді, бейжай қарамайтын азаматтарын арнайы шақыруы. Бұл – қоғамдағы пікір алмасу мәдениетін қалыптастыратын маңызды тетік. 15 наурызда өтетін референдум қарсаңында әріптестерім де осы іс-шара аясында бірқатар ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді деп ойлаймын. Ерекше атап өте кетейін, бұл – ешқандай үгіт-насихат емес. Бұл – азаматтарға қажет әрі пайдалы ақпарат. Себебі, бүгінгі таңдау – ертеңгі болашағымыздың негізі. Біз, жас буын өкілдері ретінде, реформаларды толық қолдаймыз. Алдағы Конституциядағы өзгерістерді заман талабы деп білеміз. Өйткені, әлем қарқынды дамып келеді, уақыт көшінен қалмау – басты міндет. Бұған дейінгі Конституциядағы кейбір нормалардың бүгінгі күн талабына сәйкес келмейтіні де жасырын емес. Қазір – цифрландыру мен технология дәуірі. Ұсынылып отырған жаңа түзетулер алдағы он, тіпті жиырма жылға ел қауіпсіздігі мен азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге кепіл болады деп сенемін. Сондықтан, 15 наурызда өтетін реформа – мемлекетіміздің дамуына, ең бастысы, азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын нығайтуға бағытталған дұрыс әрі қажетті қадам деп есептеймін, деді Ерболат Закиров.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button