Жаңалықтар

Бүгінгі көрсеткіш: 229 194 адам халық санағынан өтті

Қарағанды облысында 20 қыркүйек сағат 08-00-дегі көрсеткіш бойынша 229 194 адам онлайн режимде санақтан өтті. Облыс халқының жалпы санына қатысты қамту пайызы 16,7%-ды құрайды.

Облыс аймақтары бойынша Нұра ауданы көшбасшы. Онда 33,3% халық интернет-сауалнамадан өтті. Сонымен қатар, жоғарғы пайыз Осакаров (27,7%) және Ұлытау (26,6%) аудандарында қамтамсыз етілген.

Балқаш қаласы және Бұқар жырау ауданында ең төмен қамтылғаны белгіленді, онлайн санақтан өткендер сәйкесінше 12,7 % және 12% халық саналды.

Басқа материалдар

Back to top button