Бас тақырып

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы: қар аралас жаңбыр жауады

«Қазгидромет» 9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: smi24.kz сайтынан

9 ақпан күні ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Қар аралас жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік өңірлерінде қатты жауын-шашын болады.

Сондай-ақ өңірлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда боран соғады.

Ақмола облысының шығысында сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында, Абай облысының батыс және солтүстік, орталық аймақтарында, түнде Қостанай облысының оңтүстік және шығыс бөліктерінде жылдамдығы 30 м/с дейін қатты жел соғады деп күтіледі.

Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button