Бас тақырыпЖаңалықтар

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы

“Қазгидромет” синоптиктері 18 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады,- деп хабарлайды ortalyq.kz. Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: abaidan.kz

Бірнеше облыста тұман түседі, жел екпіні күшейіп, бұрқасын соғады. Ал кей өңірлерде 27 градусқа дейін аяз күтілуде.

Астанада күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, кей уақыттарда екпіні – 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда екпіні– 25 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні– 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні– 15-18 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда екпіні – 17-22 м/с.

Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні–15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 25-27 градус қатты аяз күтіледі.

Ұлытау облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні– 15-20 м/с.

Қарағанды облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні– 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні– 15-20 м/с.

Қызылорда облысының батысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні– 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні– 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші– 15-20 м/с.

Шымкентте таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button