Бас тақырып

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді

Бүгін еліміз жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі – «Жер сағаты» халықаралық акциясына қосылады. Биылғы шараның тақырыбы – Қазақстандағы экотуризмді дамыту.

Сурет министрліктен

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін еліміздің түкпір-түкпірінде үйлерде, кеңселерде және көшелерде жарық бір сағатқа сөндіріледі. Бұл – табиғатқа жанашырлық танытып, қоршаған ортаны қорғауға үн қосудың символдық әрі маңызды қадамы.

«Жер сағаты» – Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) бастамасымен жыл сайын өткізілетін халықаралық экологиялық акция. Шара аясында ұйым жұртшылықты жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа өшіруге шақырады. Сонымен қатар әлемдегі ең танымал ғимараттар мен сәулет ескерткіштерінің сыртқы жарығы да сөндіріледі.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Back to top button