Бас тақырыпТеміртау
Бүгін Теміртауда ауа сапасы нашарлайды
Қазгидрометтің хабарлауынша, 4 қыркүйек күнгі метеорологиялық жағдай Теміртау қаласында ауаның ластануына ықпал етеді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.