Бас тақырыпБасты тақырып
Бүгін құрамында қазақ қызы бар New Shepard кемесі ғарышқа ұшады
Бүгін, 8 қазанда Астана уақытымен кешкі сағат 18.30-да экипаж құрамында қазақ қызы Дана Қарағұсова бар New Shepard (NS) кемесі көкке көтеріледі. NS-36 ғарыш кемесі АҚШ-тың Техас штатындағы №1 ғарыш айлағынан әуеге көтеріліп, алты адамды орбитаға алып шығады.

Ғарышқа сапар бар болғаны 10-12 минутқа созылатындықтан, зымыран 100 шақырым биікке көтеріліп, ғарыш басталатын тұсқа дейін жетеді. Жолаушылар Жерді ғарыштан тамашалайды. Blue Origin сапарды тікелей эфирде көрсетеді.
Осылайша Дана Қарағұсова ғарышқа ұшқан алғашқы қазақ әйелі атанбақ.
Аяулым СОВЕТ