Ресми

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысады

Форумда Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева және басқа да спикерлер сөз сөйлейді.

Сурет: aqorda.kz

Сонымен қатар Мемлекет басшысының төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы өтеді.

Бұдан бөлек Президент:

– Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиевамен;
– Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен;
– Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакавамен;
– Дүниежүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассанимен;
– Citigroup компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен;
– ENI компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен бірқатар кездесу өткізеді.

Басқа материалдар

Back to top button