Бас тақырып

Бүгін «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында қаражат аударылады

Бүгін «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында балаларға арналған қаражат аударылады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді.

Сурет Freepik

1 ақпан демалыс күніне сәйкес келгендіктен, төлем 30 қаңтарда жүргізіледі. Азаматтар қаражатты 31 қаңтар түстен кейін немесе 1 ақпан күні таңертең шоттарынан көре алады. Биыл әр балаға 130 доллар, қазіргі бағам бойынша 65 мың теңгеден астам қаржы аударылмақ.

Бағдарлама іске қосылғанына биыл үшінші жыл. Алдағы төлемді қосқанда, бір балаға жалпы аударылған сома 360 долларға жуық, яғни 181 мың теңгеден асады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button