Бас тақырып
Бүгін – Әкелер күні
Қазақстанда Әкелер күні аталып өтуде. Еліміз бұл күнді биыл үшінші рет атап өтіп жатыр.

2022 жылы 14 желтоқсанда өткен VII республикалық әкелер форумында жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісін «Әкелер күні» деп белгілеу ұсынылды.
2023 жылы 31 мамырда ҚР Үкіметінің №426 қаулысымен жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісі «Әкелер күні», ал мамырдың екінші жексенбісі «Аналар күні» ретінде белгіленді. Осы негізде биыл елімізде аналар мерекесі екінші рет тойланса, Әкелер күні үшінші мәрте аталып өтіп жатыр.
Жалпы, «Аналар күні» мен «Әкелер күнін» мерекелеу әлемнің көптеген елінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы және ата-ана институтын нығайту мақсатында қалыптасқан.